zoom
img

Мометазон–Тева 50 мкг/доза - 140 доз

img

Аллергия / рецепт бойынша

:

Мометазон

:

  • мұрынға арналған спрей ересектерде және балаларда 3 жастан бастап маусымдық немесе жыл бойғы аллергиялық ринитті емдеуге қолданылады.  
  • мұрынға арналған спрей ересектерде 18 жастан бастап мұрын қуысының полиптерін емдеуге қолданылады.

:

Мұрынға арналған Мометазон-Тева спрейінің дозаторын алғаш калибрлегеннен кейін тетікті әрбір басудан кейін құрамында 50 мкг бар мометазон фуроаты моногидраты бар Мометазон-Тева препаратының шамамен 100 мг суспензиясы жеткізіледі. 

Маусымдық және жыл бойғы аллергиялық ринит

Ересектер (егде жастағы пациенттерді қоса) және 12 жастағы және одан үлкен балалар: Препараттың ұсынылатын дозасы әрбір танауға тәулігіне 1 рет 2 бүркуді (әрқайсысы 50 мкг-ден) құрайды (тәуліктік жиынтық доза – 200 мкг). Демеуші емде емдік әсерге қол жеткізу үшін ол әрбір танауға тәулігіне 1 рет 1 бүркуге дейін азайтылуы мүмкін (тәуліктік жиынтық доза – 100 мкг).

Егер ауру симптомдарын препараттың ұсынылған емдік дозаларын қолданып азайтуға қол жеткізе алмаған жағдайда, тәуліктік доза әрбір танауға тәулігіне 1 рет 4 бүркуге дейін арттырылуы мүмкін (тәуліктік жиынтық доза – 400 мкг). Ауру симптомдары азайғаннан кейін дозаны төмендету ұсынылады. 

3-тен 11 жасқа дейінгі балалар: Ұсынылатын емдік доза – әрбір танауға тәулігіне 1 рет 1 бүрку (50 мкг/басу) (тәуліктік жиынтық доза – 100 мкг). 

Мұрынға арналған Мометазон-Тева спрейі әсерінің басталуы әдетте маусымдық аллергиялық риниті бар кейбір пациенттерде алғашқы дозадан кейін 12 сағаттан соң клиникалық тұрғыдан білінеді, алайда алғашқы 48 сағат ішінде  емдеу толық әсеріне жетпеуі мүмкін. Сондықтан пациент толық емдік әсерге қол жеткізу үшін оны жүйелік түрде пайдалануды жалғастыруы тиіс.  

Мұрынға арналған Мометазон-Тева спрейінің жәрдемімен емдеу анамнезінде маусымдық аллергиялық риниттің орташа және ауыр симптомдары бар пациенттерде күтілген гүл тозаңдарының маусымынан бірнеше күн бұрын басталуы мүмкін. 

Мұрын полипі 

Полипозды емдеу үшін әдетте ұсынылатын бастапқы доза әрбір танауға күніне бір рет 2 бүркуді (50 мкг / басу) құрайды (тәуліктік жиынтық доза – 200 мкг). Егер ауру симптомдарының азаюына 5-6 апта бойы препаратты ұсынылған емдік дозада қолданып, қол жеткізу мүмкін болмаса, тәуліктік доза әрбір танауға тәулігіне 2 рет 2 бүркуге дейін арттырылуы мүмкін (тәуліктік жиынтық доза – 400 мкг). Дозаны ең төмен дозаға дейін титрлеу керек, ондайда симптомдарды тиімді бақылау сақталады. Егер тәулігіне 2 рет қабылдағанда 5-6 аптадан кейін симптомдардың жақсаруы байқалмаса, онда емдеудің баламалы әдістерін қарастыру керек. 

Мұрын полипозын емдеу үшін мұрынға арналған Мометазон-Тева спрейінің тиімділігіне және қауіпсіздігіне зерттеулер төрт ай бойы жүргізілді.

 

:

Қауіпсіздік бейініне түйіндеме.

Аллергиялық ринитке жүргізілген клиникалық зерттеулерде мәлімделгендей, мұрыннан қан кету ауырлығы жеңіл дәрежедегі, өздігінен шектелетін реакция болып табылады, реакцияның туындау жиілігі плацебомен салыстырғанда жоғары (5%) болды, бірақ мұрынға арналған зерттелетін кортикостероидтардың белсенді бақылануымен салыстырғанда, туындау жиілігі ұқсас немесе өте төмен  (15%-ға дейін). Басқа реакциялардың туындау жиілігі плацебомен ұқсас.  

Мұрын полиптеріне ем қабылдаған пациенттерде жағымсыз реакциялардың жалпы туындау жиілігі плацебомен ұқсас және аллергиялық риниті бар пациенттерде байқалғандарға барабар.   

Мұрын ішіне қолдануға арналған кортикостероидтардың жүйелік әсері ұзақ уақыт бойы қабылданатын препараттың жоғары дозаларында байқалады.  

Жағымсыз реакциялардың кестелік тізімі 

Аллергиялық риниті немесе мұрын полипозы бар пациенттерге жүргізілген клиникалық зерттеулерде сипатталған емдеу әсерінен туындаған (≥1%), сондай-ақ тіркеуден кейінгі кезеңде қолданылуына қарамай тіркелген жағымсыз реакциялар 1-кестеде берілген. Жағымсыз реакциялар MedDRA алғашқы жүйелік-ағзалық класс бойынша берілген.  

Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері және жүйелік-ағзалық жіктелімге және олардың туындау жиілігіне сәйкес жағымсыз реакциялардың жіктеуі (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес). 

 

:

Бір дозаның құрамында белсенді зат - 0,052 мг мометазон фуроаты моногидраты