zoom
img

Бетагистин-Тева Таблетки, 24 мг №30

img

Вестибулярлық аппарат / рецепт бойынша

:

Бетагистин

:

- үш негізгі симптомдармен сипатталатын Меньер синдромы: (жүрек айнуы мен құсумен ілесіп келетін) бас айналуы, құлақтың шулауы, есту қабілетінің үдемелі төмендеуі (есту мүкістігі) 

- вестибулярлық бас айналуды симптоматикалық емдеу

 

:

Дозалау режимі

Ұсынылған бастапқы дозасы – күніне 24 мг (немесе күніне 2 рет 16 мг), ішке тамақтану кезінде немесе одан кейін. 24-48 мг диапазонындағы ересектердегі тәуліктік доза 2-3 қабылдауға бөлінуі мүмкін және емдік әсерге байланысты жеке таңдалады. Тәулігіне 48 мг-ден аз дозаларды қолдану үшін басқа дозадағы таблеткаларды пайдалануға болады. 

Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер әр адамға жекелей тағайындайды. Тұрақты емдік әсері емдеудің екінші аптасынан кейін басталады. Анағұрлым жақсы нәтижелері бірнеше ай емдегеннен соң байқалады. 

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Бетагистин-Тева 24 мг таблеткаларын балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге тағайындау ұсынылмайды, өйткені қауіпсіздік пен тиімділік туралы деректер жеткіліксіз.

Егде жастағы пациенттер

Қазіргі уақытта пациенттердің осы тобындағы клиникалық зерттеулердің деректері шектеулі болғанымен, тіркеуден кейінгі кезеңде препаратты қолданудың кең тәжірибесі пациенттердің осы санаты үшін дозаны түзету талап етілмейді деп болжайды.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Пациенттердің осы тобында арнайы клиникалық сынақтар жүргізілмеген, бірақ тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесіне сәйкес дозаны түзету талап етілмейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Пациенттердің осы тобында арнайы клиникалық сынақтар жүргізілмеген, бірақ тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесіне сәйкес дозаны түзету талап етілмейді.

 

:

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте сирек

- тромбоцитопения

Иммундық жүйе тарапынан

Белгісіз

- аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилактикалық реакциялар), оның ішінде тері жабындары тарапынан (Квинке ісінуі, бөртпе, қышыну, есекжем)

Жүйке жүйесі тарапынан  

Жиі

-бас ауыруы(жиілік плацебо қабылдаған топпен салыстырылады)

Сирек

- ұйқышылдық

Асқазан-ішекжолдары тарапынан

Өте жиі

- ауыздың құрғауы

- диарея

 Жиі

жүрек айнуы, диспепсия

Жиілігі белгісіз

асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар (құсу, іштің ауыруы, метеоризм). Бұл әсерлер әдетте таблетканы тамақ ішкен кезде немесе дозаны азайту арқылы жойылады.

Тері және тері асты клетчаткасы аурулары тарапынан

Белгісіз:

- тері бөртпелері, жоғары сезімталдықтың тері және тері асты реакциялары, атап айтқанда ангионевроздық ісіну, есекжем, бөртпе және тері қышуы.

- аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилактикалық реакциялар), оның ішінде тері жабындары тарапынан (Квинке ісінуі, бөртпе, қышыну, есекжем)

 

:

белсенді зат – 24 мг бетагистин дигидрохлориді, дәрілік препараттың құрамында болуы ескерілетін қосымша заттар: 210.0 мг лактоза моногидраты.