zoom
img

Эзомепразол-Тева 20 мг №14

img

АІЖ / рецепт бойынша

:

Эзомепразол

:

Ересектер

Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА)

– эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу

– қайталануды болдырмау үшін эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдегеннен кейін ұзаққа созылған демеуші ем

– гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу 

Helicobacter pylori эрадикациясына арналған біріктірілген ем 

– Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде біріктірілген бактерияға қарсы ем құрамында

– Helicobacter pylori-мен астасқан он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу

– Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан және он екі елі ішек ойық жарасының қайталануының профилактикасы

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД) қабылдау

– ҚҚСД қабылдаумен байланысты асқазанның ойық жарасының жазылуы

– қауіп тобына жататын пациенттерде қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдаумен байланысты асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасының профилактикасы

Эзомепразолды қолдануға арналған басқа да жағдайлар 

– қайта қан кетудің алдын алу мақсатында в/і препараттарын қолданғаннан кейін асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасынан қан кеткен пациенттерде ұзаққа созылған ем

– Золлингер-Эллисон синдромы 

12 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер

Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА)

– эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу

– қайталануды болдырмау үшін эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдегеннен кейін ұзаққа созылған демеуші ем

– гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу 

Helicobacter pylori эрадикациясына арналған біріктірілген ем 

– Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде біріктірілген бактерияға қарсы ем құрамында.

 

:

Ересектер 

Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы 

- эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу: 4 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг. Бірінші курстан кейін эзофагиттің жазылуы орын алмаған жағдайда немесе симптомдар сақталған жағдайда, қосымша 4 апталық емдеу курсы ұсынылады.

- қайталануды болдырмау үшін эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдегеннен кейін ұзаққа созылған демеуші ем: тәулігіне бір рет 20 мг.

- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу: тәулігіне бір рет 20 мг – эзофагиті жоқ пациенттерге. Егер 4 апталық емделуден кейін симптомдар жойылмаса, пациентті қосымша тексеру керек. Ауру симптомдары жойылғаннан кейін «қажет болған жағдайда» препаратын қабылдау режиміне көшуге болады, яғни симптомдар қайта басталған кезде Эзомепразол-Тева препаратын тәулігіне бір рет 20 мг-ден қабылдауға болады. ҚҚСП қабылдайтын және асқазанның немесе он екі елі ішек ойық жарасының даму қаупі тобына жататын пациенттер үшін емдеуді «қажет болған кезде» режимінде ұзарту ұсынылмайды.

Helicobacter pylori эрадикациясына арналған біріктірілген ем

Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде біріктірілген бактерияға қарсы ем құрамында Helicobacter pylori-мен астасқан он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу, Helicobacter pylori-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасының қайталануын болдырмау: Эзомепразол-Тева препараттарының 20 мг, амоксициллин 1 г және кларитромицин 500 мг біріктірілімі. Барлық препараттар күніне екі рет 7 күн ішінде қабылданады. 

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД) қабылдау

- ҚҚСД қабылдаумен байланысты асқазан ойық жарасының жазылуы: орташа доза әдетте тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Емдеу ұзақтығы 4-8 апта.

- қауіп тобына жататын пациенттерде қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдаумен байланысты асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасының профилактикасы: тәулігіне бір рет 20 мг.

Эзомепразолды қолдануға арналған басқа да жағдайлар 

- асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы в/і препараттарын қолданғаннан кейін қан кеткен пациенттердегі ұзаққа созылған ем: асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасының қайталануын профилактикасы үшін в/і емін аяқтағаннан кейін 4 апта ішінде тәулігіне бір рет 40 мг.

- Золлингер-Эллисон синдромы: препараттың ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне екі рет 40 мг. Одан әрі дозаны жеке таңдап, көрсетілімдер бойынша емдеуді жалғастыру керек. Қолда бар деректер бойынша пациенттердің көпшілігі препаратты тәулігіне 80-ден 160 мг эзомепразол дозаларында қолдана алады. Тәулігіне 80 мг артық дозаларды бөліп, тәулігіне 2 рет қабылдау керек.

12 жастан асқан балалар

Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы 

- эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеу: 4 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг. Бірінші курстан кейін эзофагиттің жазылуы орын алмаған жағдайда немесе симптомдар сақталған жағдайда, қосымша 4 апталық емдеу курсы ұсынылады.

- қайталануды болдырмау үшін эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдегеннен кейін ұзаққа созылған демеуші ем: тәулігіне бір рет 20 мг.

- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу: тәулігіне бір рет 20 мг – эзофагиті жоқ пациенттерге. Егер 4 апталық емделуден кейін симптомдар жойылмаса, пациентті қосымша тексеру керек. Ауру симптомдары жойылғаннан кейін келесі симптомдарды бақылау үшін тәулігіне бір рет 20 мг Эзомепразол-Тева препаратын қабылдауға болады. 

Helicobacter pylori-мен байланысты асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу

Тиісті біріктірілген емді таңдау кезінде бактериялардың төзімділігі, емдеу курсының ұзақтығы (анағұрлым жиі кездесетіні 7 күн, кейде 14 күн) және бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану бойынша ресми ұлттық, өңірлік және жергілікті ұсынымдарды ескеру қажет. Емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек.

 

:

Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі

Бас ауыруы, іштің ауыруы, диарея және жүрек айнуы клиникалық зерттеулер барысында (сондай-ақ тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесінде) жиі хабарланған жағымсыз реакциялардың қатарына жатады. Сонымен қатар, қауіпсіздік бейіні әртүрлі дәрілік түрлерге, қолдануға арналған көрсетілімдерге, жас топтары мен пациенттер топтарына ұқсас. Дозамен байланысты жағымсыз реакциялар анықталған жоқ.

Кесте түріндегі жағымсыз реакциялар тізімі

Эзомепразолды клиникалық зерттеулер бағдарламасында, сондай-ақ тіркеуден кейінгі қолдану кезінде дәрілік препаратқа мынадай жағымсыз реакциялар анықталды немесе күдік туғызылды. Олардың ешқайсысы дозамен байланысты деп анықталған жоқ. Реакциялар жиілігі келесі классификацияға сәйкес келтірілген: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥1/100, < 1/10); жиі емес (≥1/1000, < 1/100); сирек (≥ 1/10 000, < 1/1000); өте сирек (< 1/10 000); белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

 

:

Бір таблетканың құрамында белсенді зат ⃰– эзомепразол магний дигидраты 21,75 мг немесе 43.5 мг

⃰ - 20 мг және 40 мг эзомепразолға тең. Дәрілік препараттың құрамында бар болуы ескерілуі тиіс қосымша заттар: қант сфералары NF (меш 60/80) – 6.14 мг немесе 12.28 мг, глицерин моностеараты 40-55 - 1.32 мг немесе 2.64 мг, натрий стеарил фумараты – 0.6 мг немесе 1.2 мг.