zoom
img

Фозиноприл-Тева, 10 мг

img

Кардио / рецепт бойынша

:

Фозиноприл

:

  • артериялық гипертензияда
  • созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде

 

:

Дозалау режимі 

Фозиноприл-Тева бір реттік тәуліктік дозада пероральді қабылдау керек. Тәулігіне бір рет қабылданатын барлық препараттар сияқты, Фозиноприл-Тева күнделікті бір уақытта қабылдануы керек. Натрий фозиноприлінің сіңу дәрежесі тамақ ішуге байланысты емес.

Демеуші доза пациенттің жай-күйіне және артериялық қысымның жауабына сәйкес жеке таңдалады (4.4-бөлімді қараңыз).

Артериялық гипертензияда

Фозиноприл-Тева препаратын монотерапия ретінде немесе гипертензияға қарсы дәрілік заттардың басқа кластарымен біріктірілімде қолдануға болады (4.3, 4.4, 4.5 және 5.1-бөлімдерді қараңыз).

Диуретиктерді қабылдамаған артериялық гипертензиясы бар пациенттер:

Бастапқы доза

Ұсынылатын бастапқы доза күніне бір рет 10 мг құрайды. Жоғары белсендірілген ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі бар пациенттер (атап айтқанда, реноваскулярлық гипертензия, тұздың және/немесе көлемнің азаюы, жүрек декомпенсациясы немесе ауыр гипертензия) бастапқы дозаны қабылдағаннан кейін артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуін сезінуі мүмкін.  Емдеуді бастау дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек. 

Демеуші тәуліктік дозасы тамақтануға қарамастан күніне бір рет күніне 10-нан 40 мг-ға дейін құрайды. Одан әрі препараттың дозасы 3-4 апта бойы емдеу кезінде АҚ көрсеткіштеріне сәйкес таңдалады. Күніне 40 мг-ден жоғары дозаны қабылдау гипотензивті әсердің күшеюіне әкелмейді. Фозиноприлмен жүргізілетін монотерапияның оң әсері болмаған жағдайда диуретиктерді қосымша тағайындауға болады.

Диуретиктер қабылдаған артериялық гипертензиясы бар пациенттер.

Шамадан тыс гипотензивті реакция қаупін азайту үшін диуретиктерді қабылдауды фозиноприлмен емдеу басталғанға дейін 2-3 күн бұрын тоқтатқан жөн. Натрий фозиноприлінің кейінгі дозасын артериялық қысымның реакциясына байланысты түзету керек. Қажет болса, диуретиктермен емдеуді жалғастыруға болады. Егер фозиноприлмен емдеуді диуретикпен жүргізілген ем аясында бастаса, онда фозиноприлдің бастапқы дозасы бірнеше сағат бойы мұқият дәрігерлік бақылаумен және артериялық қысым тұрақтанғанға дейін 5 мг-ден аспауы тиіс. 

Жүрек жеткіліксіздігі

Жүрек жеткіліксіздігін емдеу кезінде Фозиноприл-Тева препаратының бастапқы дозасы тәулігіне 1 рет 10 мг құрайды, оны мұқият дәрігерлік бақылаумен қабылдау керек. Бұдан әрі препараттың дозасын апта сайынғы аралықпен 10 мг-ға арттыра отырып, емдік тиімділік динамикасына сәйкес таңдайды. Ең жоғары доза тәулігіне 40 мг құрайды. Қажет болса, диуретик пен жүрек гликозидтері қосымша тағайындалуы мүмкін.

NYHA бойынша IV сатыдағы ауыр жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде және жүрек жеткіліксіздігі бойынша ем қабылдаған 75 жастан асқан пациенттерде әдеттегі бастапқы 10 мг доза зерттелмеген (4.4-бөлімді қараңыз).

Симптоматикалық гипертензияның даму қаупі жоғары пациенттерде, мысалы, гипонатриемиямен немесе онсыз тұзды сарқылуы бар пациенттерде жүрек жеткіліксіздігі, гиповолемиясы бар пациенттер немесе күшті несеп айдайтын дәрілермен ем алған пациенттер натрий фозиноприлімен емге дейін жай-күйін түзеткен жөн. Бүйрек функциясы мен қан сарысуындағы калий деңгейін үнемі бақылап отыру керек.

 

:

ДП "пайда-қауіп" арақатынасының үздіксіз мониторингін қамтамасыз ету мақсатында ДП тіркелгеннен кейін күдікті жағымсыз реакциялар туралы хабарлау маңызды. Медициналық қызметкерлерге ҚР жағымсыз реакциялары туралы ұлттық хабарлау жүйесі арқылы ДП-ның кез келген күмәнді жағымсыз реакциялары туралы хабарлау ұсынылады.

Инфекциялық және паразиттік ауруларауру

Жиі

– жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары, фарингит, ринит, вирустық инфекциялар 

Жиі емес

– синусит, трахеобронхит

Сирек

– пневмония, ларингит

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар 

Жиі емес

– гемоглобиннің уақытша төмендеуі, гематокриттің төмендеуі

Сирек

– уақытша анемия, эозинофилия, лейкопения, лимфаденопатия, нейтропения, тромбоцитопения

Өте сирек

– агранулоцитоз

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар 

Жиі емес

– тәбеттің төмендеуі, подагра, гиперкалиемия

Белгісіз

– тәбеттің бұзылуы, салмақтың ауытқуы

Психиканың бұзылуы 

Жиі

– ұйқының бұзылуы, көңіл-күйдің өзгеруі

Жиі емес

– ұйқысыздық, үрей, депрессия, сананың шатасуы, парестезия жоғары дозаларда қолданғанда    

Белгісіз

– қалыпсыз мінез-құлық

Жүйке жүйесінің тарапынан бұзылулар

Жиі

– бас айналу, бас ауыруы

Жиі емес

– ми инфарктісі, парестезия, ұйқышылдық, инсульт, естен тану, дәм сезудің бұрмалануы, тремор, ұйқының бұзылуы

Сирек

– сөйлеудің бұзылуы, жады бұзылуы, бағдардан адасу 

Көру мүшесі тарапынан бұзылулар

Жиі

– көрудің бұзылуы

Есту мүшесі тарапынан бұзылулар және лабиринтті бұзылулар 

Жиі емес

– естудің бұзылуы, құлақтағы шуыл, құлақтың ауыруы, құлақтың шыңылдауы, бас айналу     

Жүрек тарапынан бұзылулар 

Жиі

– тахикардия, аритмия, жүректің қағуы, стенокардия 

Жиі емес

– стенокардия, миокард инфарктісі, жүрек қызметінің тоқтауы, жүрек ырғағының бұзылуы, өткізгіштік бұзылулары 

Қантамырлар тарапынан бұзылулар 

Жиі

– гипотензия, ортостатикалық гипотензия

Жиі емес

– шок, гипертензия, транзиторлы ишемия

Сирек

– ысыну, қан кету, шеткері тамырлар ауруы 

Белгісіз

– гипертониялық криз

Тыныс алу жүйесі, кеуде ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар 

Жиі

– құрғақ жөтел 

Жиі емес

– ентігу, ринит, фарингит, трахеобронхит, синусит 

Сирек

– бронх түйілуі, мұрыннан қан кету, өкпе инфильтраттары, өкпедегі іркіліс, пневмония

Белгісіз

– дисфония, плеврит

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар 

Жиі

– жүрек айну, құсу, диарея, диспепсия, іштің ауыруы, ентігу, дисгевзия

Жиі емес

– іш қату, ауыздың құрғауы, метеоризм 

Сирек

– ауыз қуысының зақымдануы, панкреатит, тілдің ісінуі, іштің кебуі, дисфагия

Өте сирек

– асқазан-ішек жолының ісінуі, ішек бітелісі (ішінара)

Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар 

Сирек

– гепатит, холестаздық сарғаю

Өте сирек

– бауыр жеткіліксіздігі

Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар

Жиі

– бөртпе, ангионевроздық ісіну, дерматит

Жиі емес

– гипергидроз, қышыну, есекжем

Сирек

– экхимоздар  

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

Жиі

– бұлшықет-қаңқа ауыруы, миалгия

Сирек

– артралгия, артрит, құрысулар

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі

– несеп шығару бұзылыстары

Жиі емес

– бүйрек жеткіліксіздігі, протеинурия

Сирек

– қуық асты безі тарапынан бұзылулар 

Өте сирек

– жедел бүйрек жеткіліксіздігі

Жыныс мүшелері мен сүт безі тарапынан бұзылулар

Жиі

– сексуалдық дисфункция 

Жалпы бұзылыстар 

Жиі

– шаршау, ісіну, астения, әлсіздік, кеуденің ауыруы (кардиологиялық сипаттағы емес), сілтілі фосфотаза, билирубин, лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы, трансаминазалардың жоғарылауы

Жиі емес

–  қызба, шеткері ісіну, кеуденің ауыруы, кенеттен болған өлім, дене салмағының жоғарылауы, қандағы мочевинаның жоғарылауы, сарысу креатининінің жоғарылауы

Сирек

– бір аяқтағы әлсіздік, гемоглобин деңгейінің шамалы жоғарылауы, гипонатриемия

Белгісіз

– бауыр функциясының бұзылуы, шеткері ісінулер, гипертермия. 

Төмендегілердің біреуін немесе бірнешеуін қамтуы мүмкін симптомдық кешен: қызба, васкулит, миалгия, артралгия/артрит, оң антиядролық антиденелер (ANA), эритроциттердің шөгу жылдамдығының жоғарылауы (ESR), эозинофилия, лейкоцитоз, бөртпе, фотосезімталдық немесе басқа дерматологиялық көріністеулер. 

:

Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - 10 мг натрий фозиноприлі, қосымша заттар: лактоза моногидраты 118 мг, натрий кроскармелозасы 4 мг