zoom
img

Клопидогрель 75 мг, №30

img

Кардио / рецепт бойынша

:

Клопидогрель

:

Ересек пациенттерге

Атеротромбоздық асқынулардың қайталама алдын алу 

  • миокард инфарктісімен (бірнеше күннен 35 күннен аз уақытқа дейін), ишемиялық инсультпен (7 күннен 6 айдан аз уақытқа дейін) ауыратын пациенттерге немесе шеткергі артериялардың диагноз қойылған ауруы бар пациенттерге
  • жедел коронарлық синдромнан зардап шегетін пациенттерге ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлық синдром (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі), оның ішінде тері арқылы коронарлық араласу барысында стенттеуге ұшыраған пациенттерге, ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктірілімде;
  • тромболитикалық ем көрсетілген дәрі-дәрмекпен емделген пациенттерде АСҚ-мен біріктірілімде ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісі; 

Жүрекшелер фибрилляциясы (жыбырлақ аритмия) кезінде атеротромбоздық және тромбоэмболиялық оқиғалардың алдын алу

  • жүрекшелер фибрилляциясы (атриальды фибрилляциясы) бар, К дәруменінің антагонистерімен (КДА) емдеуге жарамсыз және қан кету қаупі төмен тамырлы оқиғалар қаупінің кемінде бір факторы бар пациенттерге, клопидогрел АСҚ-мен біріктірілімде инсультты қоса алғанда, атеротромбоздық және тромбоэмболиялық оқиғалардың алдын алу үшін көрсетілген

Орташа қауіптен жоғары қауіпке дейін транзиторлы ишемиялық шабуылы (ТИШ) немесе кіші ишемиялық инсульті (ИИ) бар пациенттерге клопидогрел ацетилсалицил қышқылымен біріктірілімде көрсетілген 

  • ТИШ немесе ИИ 24 сағат ішінде орташадан жоғары қауіпке (ABCD2  ≥4 шкаласы) дейінгі ТИШ немесе шағын ИИ (NIHSS  ≤3) бар пациенттерге.

:

Ересектер мен егде жастағы пациенттерге Клопидогрель-Тева бір реттік 75 мг дозада тағайындалады.

Жедел коронарлық синдроммен ауыратын пациенттерге:

  • ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлық синдром (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі): клопидогрелмен емдеуді 300 мг немесе 600 мг бір реттік жүктеме дозасымен бастау керек. 600 мг жүктеме дозасы тері арқылы коронарлық араласу болжанған кезде 75 жасқа дейінгі пациенттерде қарастырылуы мүмкін. Клопидогрелмен емдеуді тәулігіне бір рет 75 мг дозада жалғастыру керек (тәулігіне 75-325 мг дозада ацетилсалицил қышқылымен). АСҚ жоғары дозалары қан кету қаупінің жоғарылауымен байланысты болғандықтан, АСҚ дозасын 100 мг асырмау ұсынылады. Емдеудің оңтайлы ұзақтығы ресми түрде анықталмаған.  Клиникалық зерттеулердің деректері препаратты 12 айға дейін қолдануға негіз болады, ең жоғары оң әсер 3 ай емдеуден кейін байқалады.
  • ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісі: клопидогрелді АСҚ және басқа тромболитикалық құралдармен біріктіріп немесе онсыз 300 мг жүктеме дозасынан бастап 75 мг бір реттік тәуліктік дозада қабылдау керек. 75 жастан асқан науқастарда клопидогрелмен емдеуді жүктеме дозасыз бастау керек.  Біріктірілген емді симптомдар пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек бастаған және кем дегенде 4 апта бойы жалғастырған жөн. Бұл жағдайда клопидогрелдің АСҚ-мен біріктірілімімен 4 аптадан артық емдеудің оң әсері зерттелмеген.

Орташадан жоғары қауіпке дейінгі ТИШ (ABCD2 ≥4 шкаласы) немесе шағын ИИ (NIHSS ≤3) бар ересек пациенттерге клопидогрелдің 300 мг жүктеме дозасын, содан кейін тәулігіне бір рет 75 мг клопидогрелді және АСҚ (тәулігіне бір рет 75-100 мг) тағайындау керек. Клопидогрелмен және АСҚ-мен емдеуді транзиторлық ишемиялық атакадан немесе шағын ишемиялық инсульттен кейін 24 сағат ішінде бастаған және кейіннен антитромбоцитарлық монотерапиямен 21 күн бойы жалғастырған жөн. 

Жүрекше фибрилляциясы бар пациенттерге клопидогрелді тәуліктік бір реттік 75 мг дозада тағайындау керек. АСҚ қабылдауды (тәулігіне 75-100 мг) клопидогрелмен біріктірілімде бастау және жалғастыру керек.

:

Қауіпcіздік бейінінің түйіндемесі

Клопидогрельдің қауіпсіздігі 44 000-нан астам пациентте, оның ішінде бір жыл немесе одан да ұзақ ем қабылдаған 12 000-нан астам пациентте зерттелген. Жалпы алғанда, CAPRIE зерттеуінде тәулігіне 75 мг дозада клопидогрелдің төзімділігі пациенттердің жасына, жынысына және нәсіліне қарамастан, тәулігіне 325 мг дозада АСҚ төзімділігіне сәйкес келді. Төменде бес үлкен клиникалық зерттеуде байқалған клиникалық маңызды жағымсыз құбылыстар берілген: CAPRIE, CURE, CLARITY, COMMIT және ACTIVE-A. Жағымсыз реакциялар туралы деректер де спонтанды хабарламалардан алынған.

Қан кету клиникалық зерттеулерде де, ол туралы емнің бірінші айы ішінде жиі хабарланған маркетингтен кейінгі кезеңде де тіркелген ең жиі жағымсыз реакция болып табылады.

CAPRIE зерттеуінде клопидогрел қабылдаған пациенттерде және АСҚ қабылдаған пациенттерде барлық қан кетулердің жалпы жиілігі 9,3% - ды құрады. Клопидогрел мен АСҚ қолдану кезінде ауыр қан кету жиілігі салыстырмалы болды.

CURE зерттеуінде аортокоронарлық шунттаудан 5 күн бұрын клопидогрелмен емдеуді тоқтатқан пациенттерде араласудан кейін 7 күн ішінде үлкен қан кетулердің даму жағдайларының жиілеуі байқалмады. Аортокоронарлық шунттау алдында соңғы 5 күн ішінде тромбоцитке қарсы терапияны жалғастырған пациенттерде араласудан кейінгі осы оқиғалардың жиілігі клопидогрел + АСҚ тобында 9,6%-ды және плацебо + АСҚ тобында 6,3%-ды құрады.

CLARITY зерттеуінде плацебо + АСҚ тобымен салыстырғанда клопидогрел + АСҚ тобындағы барлық қан кетулердің ұлғаюы байқалды. Ауыр қан кету жиілігі екі топта да салыстырмалы болды. Бастапқы сипаттамалары мен фибринолитикалық терапия немесе гепаринотерапия түрлері бойынша бөлінген пациенттердің қосалқы топтарында бірдей болды.

COMMIT зерттеуінде церебральді емес үлкен қан кетудің немесе церебральды қан кетудің жалпы жиілігі екі топта да төмен және салыстырмалы болды. 

ACTIVE-A зерттеуінде клопидогрел + АСҚ тобында үлкен қан кетулердің даму жиілігі плацебо + АСҚ тобына қарағанда жоғары болды (тиісінше 4,3% қарсы 6,7%). Үлкен қан кетулер негізінен екі топта да бассүйектен тыс болды (клопидогрел + АСҚ тобында 5,3%; плацебо + АСҚ тобында 3,5%), негізінен асқазан-ішек жолынан (1,8% қарсы 3,5 %). Клопидогрел + АСҚ тобында плацебо + АСҚ тобымен салыстырғанда бассүйекішілік қан құйылулар көп болды (тиісінше 0,8% қарсы 1,4%). Фатальді қан кетулердің (клопидогрел + АСҚ тобында 1,1% және плацебо + АСҚ тобында 0,7%) және геморрагиялық инсульттің пайда болу жиілігінде (тиісінше 0,6% қарсы 0,8%) осы емдеу топтары арасында статистикалық маңызды айырмашылықтар болған жоқ.

:

белсенді зат – клопидогрела бисульфаты 97,87 мг (75,00 мг клопидогрелге баламалы). Дәрілік препарат құрамында бар екені ескерілу керек қосымша заттар  –  сусыз  лактоза 78.13 мг.