zoom
img

Небиволол-Тева, 5 мг

img

Кардио / рецепт бойынша

:

Небиволол

:

  • эссенциальді гипертензияда
  • ≥ 70 жас егде жастағы пациенттерде стандартты емдеу әдістеріне қосымша ретінде жеңіл және орташа ауырлықтағы тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуде. 

:

Эссенциальді гипертензия

Ересектер 

Артериялық гипертензияны емдеуге арналған орташа тәуліктік доза тәулігіне 1 рет 1 таблетка (5 мг). Гипотензивті әсер емдеудің 1-2 аптасынан кейін көрінеді. Кейде оңтайлы әсерге 4 аптадан кейін ғана қол жеткізіледі.

Басқа гипотензивті дәрілермен біріктірілімі

Небиволол-Теваны монотерапия үшін де, басқа гипотензивті дәрілермен біріктірілімде де қолдануға болады. Қосымша гипотензивті әсер Небиволол-Тева препаратының 12,5-25 мг гидрохлоротиазидпен 5 мг біріктірілімі кезінде ғана байқалады.

Қажет болса, тәуліктік дозаны 10 мг-ға дейін арттыруға болады (бір қабылдағанда 5 мг-дан 2 таблетка). Ең жоғары тәуліктік доза-10 мг.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу жеке оңтайлы демеуші дозаға жеткенге дейін дозаны біртіндеп арттыра отырып жүргізілуі тиіс.

Небиволол-Тева соңғы 6 апта ішінде оның жедел декомпенсация эпизодтарынсыз тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігі жағдайында пациенттерге тағайындалады.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуді тәжірибелі дәрігер жүргізуі керек.

Диуретиктерді және/немесе дигоксинді және/немесе АӨФ тежегіштерін және/немесе ангиотензин II рецепторларының антагонистерін қоса, басқа жүрек-қантамыр препараттарын қабылдайтын пациенттерде небивололмен емдеуді бастар алдында соңғы 2 апта ішінде осы препараттардың іріктелген дозасы болуы тиіс.

Дозаны бастапқы титрлеуді бұл ретте бір аптадан екі аптаға дейінгі аралықтарды ұстай отырып және пациентке осы дозаның жағымдылығын бағдарлай отырып, мынадай схема бойынша жүзеге асырған жөн: тәулігіне 1 рет 1,25 мг небивололдың (5 мг – ден 1/4 таблетка) бастапқы дозасы алдымен 2,5 – 5 мг небивололға (5 мг – ден 1/2 таблетка-1 таблетка), содан кейін тәулігіне 1 рет 10 мг-ға (5 мг-ден 2 таблетка) дейін ұлғайтылуы мүмкін.

Пациент препараттың бірінші дозасын қабылдағаннан кейін, сондай-ақ дозаны әрбір келесі арттырудан кейін 2 сағат бойы дәрігердің бақылауында болуы тиіс. Дозаның әрбір ұлғаюы кемінде 2 аптадан кейін жүзеге асырылуы тиіс. СЖЖ емдеу кезінде ұсынылатын ең жоғары доза тәулігіне 1 рет 10 мг препаратты құрайды. Титрлеу кезінде АҚ, ЖЖЖ, жүрек өткізгіштігінің бұзылуын және СЖЖ симптомдарының айқындылығын үнемі бақылау ұсынылады. 

 

:

Фондық аурулардың айырмашылығына байланысты гипертензия және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі үшін жағымсыз құбылыстар бөлек көрсетілген

Гипертензия

Иммундық жүйенің тарапынан бұзылулар

Белгісіз

  • ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық

Психиканың бұзылуы

 Жиі емес 

  • қорқынышты түстер, депрессия

Жүйке жүйесінің тарапынан бұзылулар

Жиі 

  • бас ауыруы, бас айналуы, парестезия

Өте сирек

  • естен тану

Көру мүшесі тарапынан бұзылулар

Жиі емес 

  • көрудің бұзылуы

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі емес 

  • атриовентрикулярлық өткізгіштіктің баяулауы / АВ-блокада

Қантамырлар тарапынан бұзылулар

Жиі емес 

  • ортостатикалық гипотензия, мезгіл-мезгіл ақсақтықтың өршуі

Тыныс алу жүйесі, кеуде ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар

Жиі 

  • ентігу

Жиі емес 

  • бронх түйілуі (соның ішінде анамнезінде обструктивті өкпе аурулары болмаған кезде)

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Жиі 

  • жүрек айнуы, іш қату, диарея

Жиі емес 

  • диспепсия, метеоризм, құсу

Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар

Жиі емес 

  • қышыну, эритематозды бөртпе

Өте сирек 

  • псориаздың өршуі

Белгісіз

  • есекжем

Ұрпақ өрбіту жүйесі мен сүт бездері тарапынан бұзылулар

Жиі емес 

  • импотенция

Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар

 Жиі 

  • шаршау, ісіну

Сондай-ақ, бета-адренорецепторлардың кейбір антагонисттерімен келесі жағымсыз реакциялар туралы хабарланды: елестеулер, психоздар, сананың шатасуы, суық/цианозды аяқ-қол, Рейно феномені, көздің құрғауы және практикололдың окуло-шырышты тері уыттылығы.

 

:

белсенді зат - 5.45 мг небиволол гидрохлориді (5 мг небивололға баламалы), қосымша заттар: лактоза моногидраты 192.40 мг, натрий кроскармеллозасы 11.50 мг.