zoom
img

Омепразол-Тева 20мг №30

img

АІЖ

:

Омепразол

:

Ересектер

  • он екі елі ішектің ойықжарасын емдеу
  • он екі елі ішектің ойықжарасының қайталануының алдын алу
  • асқазан ойықжарасын емдеу
  • асқазан ойықжарасының қайталануының алдын алу
  • ойықжара ауруы кезінде тиісті антибиотиктермен біріктірілімде  Helicobacter pylori (H. pylori)  эрадикациясы 
  • ҚҚСП қабылдауға байланысты асқазан мен он екі елі ішектің эрозиялық-ойықжаралы зақымдануларын емдеу
  • қауіп тобындағы пациенттерде ҚҚСП қолданумен байланысты асқазан және он екі елі ішектің ойықжара ауруының алдын алу
  • рефлюкс-эзофагитті емдеу
  • эрозиялық эзофагиттің қайталануын алдын алу үшін ұзақ демеуші ем
  • симптоматикалық гастроэзофагеальды рефлюкс ауруын (ГЭРА) емдеу 
  • Золлингер-Эллисон синдромын емдеу

Дене салмағы ≥10 кг 1 жастан асқан балалар

  • рефлюкс-эзофагитті емдеу
  • ГЭРА кезінде қыжыл мен қышқыл регургитациясын (кекіру) симптоматикалық емдеу

4 жастан асқан балалар

  • эрадикация H. Pylori он екі елі ішектің ойықжара ауруы кезінде тиісті антибиотиктермен біріктірілімде (кешенді ем құрамында)

:

Ересектерге

Он екі елі ішектің ойықжарасын емдеу

Он екі елі ішектің белсенді ойықжарасы бар пациенттерге омепразолды тәулігіне бір рет 20 мг дозада қабылдау ұсынылады. Пациенттердің көпшілігінде ойықжараның жазылуы екі апта ішінде жүреді. Екі апта ішінде ойықжараның толық сауығуы басталмаған жағдайларда, препаратты кейінгі екі апталық қабылдау кезінде сауығуға қол жеткізіледі. Емдеуге аз сезімтал он екі елі ішектің ойықжарасы бар пациенттерге әдетте тәулігіне бір рет 40 мг омепразол тағайындалады; ойықжараның жазылуы әдетте төрт апта ішінде жүреді.

Он екі елі ішектің ойықжара ауруының қайталануының алдын алу

Helicobacter pylori теріс сынамасы бар пациенттерде немесе H.pylori эрадикациясы мүмкін болмаған жағдайларда он екі елі ішектің ойықжара ауруының қайталануын болдырмау үшін ұсынылатын доза күніне бір рет 20 мг омепразолды құрайды. Кейбір пациенттер үшін 10 мг тәуліктік доза жеткілікті болуы мүмкін. Сәтсіз терапия жағдайында дозаны 40 мг-ға дейін арттыруға болады.

Асқазан ойықжарасын емдеу 

Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 20 мг омепразолды құрайды. Пациенттердің көпшілігінде емдеу 4 апта ішінде басталады. Препаратты қабылдаудың бірінші курсынан кейін толық сауығу басталмаған жағдайларда, әдетте, 4 апталық қайта емдеу курсы тағайындалады, оның барысында сауығуға қол жеткізіледі. Емдеуге аз сезімтал асқазан ойықжарасы бар пациенттерге әдетте тәулігіне бір рет 40 мг омепразол тағайындалады; емдеуге әдетте 8 апта ішінде қол жеткізіледі.

Асқазан ойықжарасының қайталануының алдын алу

Емдеуге аз сезімтал асқазанның ойықжарасы бар пациенттерге қайталанудың алдын алу үшін тәулігіне бір рет 20 мг омепразол ұсынылады. Қажет болған жағдайда дозаны тәулігіне бір рет 40 мг дейін арттыруға болады.

Ойықжара ауруы кезінде H. pylori эрадикациясы

H. pylori инфекциясын эрадикациялау үшін антибиотиктерді таңдау кезінде препараттың жекелеген пациенттерге төзімділігін қарастыру керек және емдеуді бактериялық төзімділікке қатысты ұлттық, аймақтық және жергілікті басқару қағидаттары мен емдеу сызбаларына сәйкес жүргізу керек:

– омепразол 20 мг + кларитромицин 500 мг + амоксициллин 1000 мг, әрбір препарат тәулігіне екі рет бір апта ішінде, немесе

– омепразол 20 мг + кларитромицин 250 мг (не 500 мг) + метронидазол 400 мг (немесе 500 мг немесе тинидазол 500 мг), әрбір препарат тәулігіне екі рет бір апта ішінде, немесе

– 40 мг омепразол тәулігіне бір рет 500 мг амоксициллинмен және 400 мг метронидазолмен (немесе 500 мг немесе тинидазолмен 500 мг), бір апта ішінде тәулігіне үш рет.

Егер емдеу курсынан өткеннен кейін Helicobacter pylori сынама оң болып қалса, емдеу курсын қайталауға болады.

Асқазан мен он екі елі ішектің ҚҚСП-ассоциацияланған ойықжараларын емдеу 

Асқазан мен он екі елі ішектің ҚҚСП ассоциацияланған ойықжаралары болған кезде препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Пациенттердің көпшілігінде емдеу 4 апта ішінде басталады. Бастапқы ем кезеңінде ойықжара жазылмаған пациенттерде емдеуге әдетте препаратты қайталап 4 апталық қабылдағанда қол жеткізіледі.

Қауіп тобындағы пациенттерде ҚҚСП қолданумен байланысты асқазан және он екі елі ішектің ойықжара ауруының алдын алу 

Қауіп тобындағы пациенттерде асқазан мен он екі елі ішектің астасқан ойықжараларын (жасы >60 жас, анамнездегі асқазан мен он екі елі ішектің ойықжарасы, анамнездегі асқазан-ішектен қан кету) ҚҚСП алдын алу үшін ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 20 мг омепразолды құрайды.

Рефлюкс-эзофагитті емдеу

Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 20 мг омепразолды құрайды. Пациенттердің көпшілігінде жазылу төрт апта ішінде жүреді. Препаратты қабылдаудың бірінші курсынан кейін толық сауығу болмаған жағдайларда, әдетте емдеуге қол жеткізілетін төрт апталық қайта емдеу курсы тағайындалады.

Рефлюкс-эзофагиттің ауыр түрі бар пациенттерге тәулігіне бір рет 40 мг омепразол ұсынылады; емдеу әдетте сегіз апта ішінде жүреді.

Эрозиялық эзофагиттің қайталануын алдын алу үшін ұзақ демеуші ем 

Ұзақ демеуші ем кезінде эрозиялық эзофагиттің қайталануын алдын алу үшін пациенттерге тәулігіне 10 мг омепразол ұсынылады.

Қажет болған жағдайда дозаны тәулігіне бір рет 20 - 40 мг дейін арттыруға болады.

Симптоматикалық гастроэзофагеальды рефлюкс ауруын емдеу 

Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 20 мг омепразол. Терапиялық әсерге күнделікті 10 мг дозада қол жеткізуге болады, сондықтан дозаны жеке таңдау жоққа шығарылмайды.

Егер 20 мг омепразолды күнделікті қолданғаннан кейін 4 аптадан соң симптомдар жойылмаса, пациентті қосымша тексеру ұсынылады.

Золлингер-Эллисон синдромын емдеу

Золлингер-Эллисон синдромы бар пациенттерге препаратты жеке дозада тағайындайды және емдеуді клиникалық көрсетілімдер бойынша қажет болғанша жалғастырады. Ұсынылатын бастапқы доза күніне 60 мг омепразол. Аурудың ауыр түрі бар және емдеудің басқа түрлеріне жауабы адекватты емес пациенттерде 90% жағдайда омепразолдың тәулігіне 20 мг - 120 мг дозаларында демеуші ем тиімді. Препараттың 80 мг-ден жоғары тәуліктік дозасын екі бөлікке бөліп, тәулігіне 2 рет қабылдау керек.

Бүйрек функциясы бұзылған науқастар үшін дозаны түзету қажет емес.

Бауыр функциясы бұзылған науқастар үшін омепразолдың тәулігіне 10 – 20 мг дозасы жеткілікті.

Егде жастағы (65 жастан асқан) науқастар үшін дозаны түзету қажет емес.

 

:

Қауіпсіздік бейінінің қысқаша түйіндемесі

Ең жиі кездесетін жанама әсерлер (пациенттердің 1-10%) - бұл бас ауыруы, іштің ауыруы, іш қату, диарея, метеоризм және жүрек айну / құсу.

 

:

Бір капсуланың құрамында: 

белсенді зат – Омепразол,  10 мг немесе 20 мг

Дәрілік препарат құрамында бар екені ескерілу керек қосымша заттар: сфералық қант * - сәйкесінше 43.49 мг немесе 86.98 мг.

* - сфералық қанттың құрамында 92% - дан аспайтын сахароза бар.